"Ислам тарихы туралы кейбір кітаптарда бұрмаланған мәліметтер беріліп келеді" - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ислам тарихы туралы кейбір кітаптарда бұрмаланған мәліметтер беріліп келеді"

"Ислам тарихы туралы кейбір кітаптарда бұрмаланған мәліметтер беріліп келеді"

Ислам тарихы туралы кейбір кітаптарда бұрмаланған мәліметтер беріліп келеді.

  • 11 Маусым 2015
  • 472
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі аясындағы «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар» атты секция отырысында  «Джамиат-әл-Шабаб әл-Ислам»  Мұсылман ұйымының президенті  Шейх Сальман әл-Хусейни ан-Надви мәлім етті.

«Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары өкінішке қарай ислам жайында пайдакүнемдік ақпараттарды таратып, Құранды теріс мазмұндайды. Сондықтан да бұндай пиғылдардан құтылуымыз керек. Атап айтқанда, Пайғамбарымыздың нағыз қасиеттерін, яғни қайырымдылығы мен мейрімділігі жайында айтылған мәліметтерді үлгі етіп таратуымыз керек», — деді ол.

Шейхтің сөзіне қарағанда, кейбір тарихи кітаптарда, оның ішінде Мұхаммед Пайғамбардың ғұмырнамасы туралы кітаптарда әскери жорықтарға ерекше назар аударылған. Шын мәнінде Пайғамбар әскери іс-қимылдарды халыққа шабуыл жасалған кезде ғана бастаған және қатер сейілген кезде дереу тоқтатып отырған. Сальман әл-Хусейни ан-Надви өз сөзінде Мұхаммед Пайғамбар бөтен діндегілерді шеттетпегенін, оларға зиянын тигізбегенін айта келе, алайда қазіргі кезде әлемде Пайғамбардың ілімін бұрмалайтын және барша адамзатқа қатер тудыратын күштер пайда болғанына алаңдаушылық білдірді.