"Қазақстан Барысы" өткізетін төрт турнирдің бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшелігі неде? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Барысы" өткізетін төрт турнирдің бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшелігі неде?

"Қазақстан Барысы" өткізетін төрт турнирдің бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшелігі неде?

"Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының ұйымдастыруымен жылына төрт ірі турнир өтеді. Сол төрт турнирдің бір-бірінен айырмашылығы да, ерекшелігі де бар.

  • 13 Қараша 2014
  • 2754
Фото - Caravan.kz

Мәселен, маусым шымылдығын түретін "Қазақстан Барысы" жобасы. Бұл турнир тек ел ішіндегі апайтөс балуандардың қатысуымен жылдың ең үздік балуанын анықтайды. Жарыста салмақ ерекшелігіне қарамайды, әр облыстан финалдық кезеңге өткен балуандар боз кілемде кім мықтыны анықтайды. Келер жылы бесінші маусымын өткізбек. Барлығы Астана қаласында өтіп жатыр.

Екінші ірі жоба биыл тұңғыш рет қазақ күресінен Павлодар қаласында

өткен "Әлем Барысы" халықаралық турнирі. Бұл жарыстың ерекшелігі атынан көрініп тұрғандай әлемнің әр түкпірінен, 5 құрлықтан ең үздік балуандар қатысады. Бұл жарыста да салмақ ерекшелігіне қарамайды.

Үшіншісі, республикалық "Жас Барыс" турнирі. Атынан айтып тұрғандай, бұл турнирге балалар, жасөспірімдер және жастар қатысады. Биыл «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі мәресіне жетті.

Турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп өнер көрсетеді:

14-15 жасқа дейінгілер арасында 38 кг, 42 кг, 46 кг, 50кг, 55кг, 60кг, 66кг, 73кг, +73кг салмақ дәрежесінде;


16-17 жасқа дейінгілер арасында 46кг, 51кг, 57кг, 64кг, 72кг, 81кг, +81кг;

18-19 жасқа дейінгілер арасында 55кг, 60кг, 70кг, 80кг, 90кг, +90кг;

Төртіншісі, маусымды жабатын «Eurasia Barysy» халықаралық турнирі.Қазақ күресінен өтетін «Eurasia Barysy» халықаралық турнирі елімізде осымен екінші мәрте өтіп отыр.

«Eurasia Barysy» турнирінің басты ерекшелігін айтатын болсақ, бұл жарыс кубоктық жүйе бойынша өтеді. Әр балуан өз салмағындағы қарсыласымен шығып, жеңілгені жарыстан шығып қалады. «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне 12 елден 60 балуан қатысады. Жарыс 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және + 90 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар арасында өтеді.

Қазақстан Барысы жобасының идея авторы — Арман Шораев.