Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды
Кеше, 1 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңсесінің басшысы Ғабидолла Әбдірахымов Болгария Республикасы қауіпсіздік және ақпарат бойынша мемлекеттік комиссияның төрайымы Цвета Марковамен кездесті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне қатысты өткен келіссөз нәтижесі бойынша құпия ақпаратты өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін