"Құқықтәртібі" шарасын өткізу кезінде мас күйінде көлігін жүргізген 158 адам анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құқықтәртібі" шарасын өткізу кезінде мас күйінде көлігін жүргізген 158 адам анықталды

"Құқықтәртібі" шарасын өткізу кезінде мас күйінде көлігін жүргізген 158 адам анықталды

Астана. 21 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Құқықтәртібі" шұғыл алдын алу шараларын өткізу кезінде мас күйінде көлігін жүргізген 158 адам анықталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астаны ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қайрат Мұхитов мәлім етті.

  • 21 Наурыз 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

Астанада 17 — 20 наурыз аралығындаөткен бұл шараға қосымша ішкі істер органдары, ішкі әскер күштері мен қоғамдық ұйымдар жұмылдырылып өткізілді

«Көрсетілген мерзім аралығында ІІД жол полициясы қызметкерлері мас күйінде көлігін жүргізген 158 адамды анықтады. Мәселен, 19 наурызда таңғы бесте көше қиылысында жол тәртібін бұзған көлік тоқтатылды. Жүргізушіге құжаттарын көрсету жөнінде талабы қойылғаннан кейін, ішіп алған азамат ҚР ІІМ қызметкері Тастабиев Бақтияр атына қолдан жасалған құжатын ұсынды «, — деп атап өтті астаналық ІІД бастығының орынбасары.

Бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Қ. Мұхитовтың айтуынша, осы уақыт аралығында 43 қылмыс тіркеліп, оның 34 кезекшілік жасалған тәулік ішінде ашылды. Қайыр сұрап, қаңғырып жүрген 197 адам қолға түсірілді. Оның 63 кәмелеттік жасқа толмағандар.

Сонымен қатар, акцияны өткізу барысында «тұрғындар арасында өз еркімен қару жарақты сыйақыға тапсыру жұмыстары бойынша үгіт насихат жүргізілді. Соның қорытындысында азаматтар 16 бірлік қару тапсырды. Оның екеуі кезік мылтық болса, 14 тегіс оқпанды қару және 600 дана әскери жарақ болды».

Комиссияның жасаған қорытындылары бойынша тапсырылған қару жарақтар үшін 621 мың 760 теңге көлемінде сыйақы беру туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті