Құран аударуға арналған "Құран Club" бағдарламасы іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құран аударуға арналған "Құран Club" бағдарламасы іске қосылды

Құран аударуға арналған "Құран Club" бағдарламасы іске қосылды

Көпшілік мұсылман Құранды аударып толық аяқтау үшін талпынып жүреді, бірақ оның бұл құлшынысы түрлі себептермен ұзаққа бармай бәсеңдеп, соңы аяқсыз қалып жатады.

  • 14 Қараша 2016
  • 608
Фото - Caravan.kz

Енді сіз Алла қаласа "Құран Club" бағдарламасының көмегімен ұжым болып Құранды бір күнде немесе өздеріңіз белгілеген уақытта аяқтауларыңызға мүмкіндік бар.

Бұл инновациялық бағдарлама Құранды онлайн бірге оқып, бүкіл әлем мұсылмандарының байланысқа түсуіне арналған. Қолданбаны жүктегеннен кейін, сізге Құраннан кездейсоқ беттер беріліп, оны оқуға тапсырма аласыз. Әрбір пайдаланушыға басқаларға берілмеген беттер беріледі, себебі, Құранды ұжымдық оқу күн сайын мыңдаған адамға беріледі. Біздің оқуымыз әрбір осы бағдарлама арқылы оқып жатқан адамдарға ықпал етеді, өйткені, біз олардың барлығы үшін, ал барлығы бірі үшін сауап алады, дұға жасалады.

Ибн Мәсғуд (радиалллаһу әнһ) Пайғамбарымыздың ﷺ айтқаның келтіреді:

«Кімде- кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса – бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп» деген.

Қолданба сонымен бірге күн сайын сізге Құранды оқуға мотивация беріп отырады. "Құран Club" қосымшасы Құран оқу тәжірибесін байытатын көптеген ерекшеліктері бар дейді оны жасаушылар. Мәселен, оның 30-дан астам тілге аударылуы, 20-дан астам қаридың мәнерлеп оқу үлгісі, тапсырманы қалыпты аяқтауға мүмкіндігіңіз болмаса, оны басқа адамдарға беріп, сізге қысқа сүрелерді беру мүмкіндігі, оқуға оңай және аудармасымен бірге үлкен дисплейге орналасуы сынды ерекшеліктері бар.


Сонымен бірге, сіз бүкіл әлем мұсылмандарының не істеп жатқаны, қайдан қосылып отырғаны жайлы да біліп отырасыз.

"Құран Club" Алланың бізге берген технологиялары арқылы оның кітабын оқуға берілген мүмкіндік. Құрметті мұсылман бауырлар, қолыңыздағы смартфонды күнәға итермелейтін ойындар мен берекесіз музыка және кино-видеоларды көруге емес, осындай пайдалы қосымшалар арқылы мол сауап жинауға қолданыңыз! Алла істеріңізге береке берсін!

Соңғы жаңалықтар