Құран сүресі жазылған парақ кір жуу машинасынан құрғақ күйінде шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құран сүресі жазылған парақ кір жуу машинасынан құрғақ күйінде шықты

Құран сүресі жазылған парақ кір жуу машинасынан құрғақ күйінде шықты

Белгілі продюсер Серік Аббас-шах жаттап алу үшін қалтасына салып жүрген Құран сүресі жазылған парақтың кір жуу машинасынан құп-құрғақ кү

  • 22 Тамыз 2016
  • 1329
Фото - Caravan.kz

Белгілі продюсер Серік Аббас-шах жаттап алу үшін қалтасына салып жүрген Құран сүресі жазылған парақтың кір жуу машинасынан құп-құрғақ күйінде шыққанына таңданды, — деп хабарлайды Qamshy.kz.

Автордың Фейсбук парақшасына жазған жазбасын өзгеріссіз ұсынамыз:

"Кеше кешке зат көтеріп жүріп, сүйікті шортигімді былғап алдым. Киім ауыстырып, әлгіні жууға берер алдында (келіншегімнің көзінше) қалтамды ақтарып жатырмын ғой. Құжат, кілт, қағаз дегендей… "Байлықтың" бәрін басқа қалтама салып, жөніме кеттім. 

— Секебай, өзің тексерген соң, шортикті сол қалпымен кіржуғышқа салғанмын. 

— Сосын…

— Жуылып болған соң, балконға жайғалы тұрсам, төменгі қалтасынан тағы басқа қағаздар шықты. Байқамай қалғансың ғой. Қалтаңды өзің ақтарған соң, ары қарай қарамаған едім. Кешірші…

— Енді…

— Бір, екі қағазың бүлініпті. Бірақ, Құран жазылған қағазға ештеңе болмапты. Сол құп-құрғақ қалпында.


— Қалай құрғақ? ….

Қысқасы былай: Алты-жеті жылдай уақыт болды. Фатиxа сүресін жаттаймын деп ниет қылып, оны кішкентай бір қағазға ыңғайлы болсын деп бастырып, құжаттың арасына салғанмын. Содан бері, (қайда барсам да) қалтамнан түскен емес. Ара-арасында еске түсіп, (оқып) қайталағанмен, күнделікті дағдыға айналдыра алмай жүргенмін. Енді, міне… Не дерімді білмеймін…

Қағаздың су ішінен құрғақ шыққаны қызық болды. Егер басқа біреудің аузынан шықса, әсіре әңгіме болар деп сенбес едім. Құдайдың құдіреті деп қойдым (ішімнен)… Мүмкін, бұл оның кезекті ескертуі шығар?!", — деп жазды Серік Аббас-шах. Продюсердің бұл жазбасы бір сағаттың ішінде сегіз жүзден астам лүпіл жинап, жүзге жуық адам бөліскен.