Құрбан айттың алғашқы күні 11 облыста өте ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбан айттың алғашқы күні 11 облыста өте ыстық болады

Құрбан айттың алғашқы күні 11 облыста өте ыстық болады

«Қазгидромет» РМК 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

  • 1 Қыркүйек 2017
  • 328
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, шығыс және шеткі батыс аймақтарында аздаған жаңбыр жауып, қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, елдің батыс және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады деп болжануда. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе кей жерлерде Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, облыстарында қатты ыстық ауа райы күтілуде. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар