Қымыздан коктейль жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қымыздан коктейль жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Инновациялық жобалар байқауында Астананың жас тұрғыны қымыздан коктейль жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 575
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астана қаласы жастарының арасында өткен инновациялық жобалар байқауының марапаттау рәсімінде аталмыш идея комссия мүшелерімен жоғары бағаланды.

Бұл шара бір жарым ай бұрын басталған-ды. Елорда қаласының жасампаз жастарының арасында үздік инновациялық жобаларды таңдау бойынша өткен байқауда 4 аталым жарияланған болатын. Осы аталымдар бойынша үздік жобаларды арнайы комиссия іріктеді.

«Барлық жобаларды үздік деп санауға болады, себебі бұл жастардың тұңғыш бастамасы», — дейді Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Талғат Рахманберді. — Жас инноваторлардың көпшілігі студенттер мен оқушылар. Бұл әрине, бізді қуантады. Жастарымыздың осындай инновациялық жобаларға жасампаздық танытып, өздерінің ойларымен бөлісіп, осындай үлкен ортаға салғаны үлкен жетістік болып табылады. Жастардың инновациялық еңбектерінің арасында күрделілері де, түрлі арман мен қиялды ұштастырып жасаған жобалар да бар», — деп атап өтті ол.

Т.Рахманбердінің айтуынша, үздік жобалар «Astana innovation» мекемесіне жолданады. Ол жерде қаржыландыру мәселесі шешіліп, ғалымдардың тезінен өткен еңбектер жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілуі ықтимал.

«Бізге қатты ұнаған инновациялардың бірі — Астана қаласының жас тұрғынының жылқы қымызынан коктейль жасап шығарғаны. Бұл жоба біздің конкурстық комиссия мүшелерінен үлкен қолдау тапты, келешекте қазақ жастарының жақсы көретін, ең үздік сусынына айналады деп ойлаймыз. Бұдан басқа электр энергиясын қаладағы жолдардың астына құрылғылар орнатып, көліктер жүрген кезде туындаған тербелістің әсерінен шығаратын жоба бар. Содан соң, Астана қаласының ауасын тазарту бойынша да қызық идеялар болды. Сондай-ақ «Жас инноватор» аталымында су үстінде әуежай орналастыру жобасы қызықтырды», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, байқауға 14 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы барлығы 45 бала қатысты.Инновациялық жобалар байқауында Астананың жас тұрғыны қымыздан коктейль жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бүгін Астана қаласы жастарының арасында өткен инновациялық жобалар байқауының марапаттау рәсімінде аталмыш идея комссия мүшелерімен жоғары бағаланды.

Бұл шара бір жарым ай бұрын басталған-ды. Елорда қаласының жасампаз жастарының арасында үздік инновациялық жобаларды таңдау бойынша өткен байқауда 4 аталым жарияланған болатын. Осы аталымдар бойынша үздік жобаларды арнайы комиссия іріктеді.

«Барлық жобаларды үздік деп санауға болады, себебі бұл жастардың тұңғыш бастамасы», — дейді Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Талғат Рахманберді. — Жас инноваторлардың көпшілігі студенттер мен оқушылар. Бұл әрине, бізді қуантады. Жастарымыздың осындай инновациялық жобаларға жасампаздық танытып, өздерінің ойларымен бөлісіп, осындай үлкен ортаға салғаны үлкен жетістік болып табылады. Жастардың инновациялық еңбектерінің арасында күрделілері де, түрлі арман мен қиялды ұштастырып жасаған жобалар да бар», — деп атап өтті ол.

Т.Рахманбердінің айтуынша, үздік жобалар «Astana innovation» мекемесіне жолданады. Ол жерде қаржыландыру мәселесі шешіліп, ғалымдардың тезінен өткен еңбектер жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілуі ықтимал.

«Бізге қатты ұнаған инновациялардың бірі — Астана қаласының жас тұрғынының жылқы қымызынан коктейль жасап шығарғаны. Бұл жоба біздің конкурстық комиссия мүшелерінен үлкен қолдау тапты, келешекте қазақ жастарының жақсы көретін, ең үздік сусынына айналады деп ойлаймыз. Бұдан басқа электр энергиясын қаладағы жолдардың астына құрылғылар орнатып, көліктер жүрген кезде туындаған тербелістің әсерінен шығаратын жоба бар. Содан соң, Астана қаласының ауасын тазарту бойынша да қызық идеялар болды. Сондай-ақ «Жас инноватор» аталымында су үстінде әуежай орналастыру жобасы қызықтырды», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, байқауға 14 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы барлығы 45 бала қатысты.