Жарияланды: 700

Қырғыз оппозиционері ел президентінің оффшорға жасырған байлығын тауып алыпты

Қырғыз оппозиционері ел президентінің оффшорға жасырған байлығын тауып алыпты

«Ата Мекен» парламенттік фракциясының лидері Өмірбек Текебаев Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Кипр оффшорына жасырған байлығын таптым деп мәлімдеді. Бұл жөнінде ол Бішкекте өткен «Әлеуметтік толқусыз саясат. Фальсификациясыз сайлаулар» деп аталатын форумда айтқан.

Саясаткердің сөздерінше, таяу уақытта толық ақпарат таратады.

«Ата Мекен» лидері осыған дейін ел президентінен халықтан жасырған байлығын жариялауды сұраған.

Кейін ол Атамбаев 2010-2015 жылдары 6 миллион 18 мың сом (шамамен 87 мың АҚШ доллары) пайда тапқанын, бірақ оның шығыны 34 миллион сомды (шамамен 490 мың АҚШ доллары) құрағанын жариялаған. Оның сөздерінше, бұл мәліметті Мемлекеттік кадрлар қызметінен алған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін