Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, бұл сапарға парламенттегі президенттік «Ақ Жол» фракциясының өкілдері бастамашы болған. Алғашқы сапар 18 наурызға жоспарланған. Депутаттар Таласқа барады. Сосын олар одан өзге екі жерді қарайды: бірі — Бішкекке жақын Тоқмақ қаласының маңында болса, екіншісі — Ыстықкөл облысының Қарқара деген жері.
«Қырғыз-қазақ шекарасының жалпы ұзындығы шамамен 1224 шақырым», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі. Қырғыз — қазақ қатынастарындағы осы проблеманы жан-жақты зерттеу оның жақында Жогорку кенеште талқылануының алдында іске асып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті