Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиев бүгін Германиядағы демалысынан кейін Бішкекке оралады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз  Республикасының президенті Құрманбек Бакиев бүгін Германиядағы демалысынан кейін Бішкекке оралады

Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиев бүгін Германиядағы демалысынан кейін Бішкекке оралады

Бішкек. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиев бүгін Германиядағы демалысынан кейін Бішкекке оралады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап.

  • 28 Наурыз 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент бүгін кешке Қ.Бакиевтің шетелдік сапарларына қызмет көрсететін «Қырғызстан» әуекомпаниясына қарасты ұшақпен ұшып келеді. Алдын-ала мәліметке сүйенсек, ертең, 29 наурызда Қырғызстан мемлекет басшысы үкіметте кеңес өткізеді, онда елдегі ағымдағы экономикалық ахуал мен басқа да өзекті мәселелер қаралады.

Қ. Бакиев журналистер алдына шығып, халыққа шетелдегі сапарын қалай өткізгені туралы айтып береді деп күтілуде.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі 3 наурызда президенттің Германияға қысқа мерзімдің демалысқа кеткені туралы хабарлама таратқан. Алайда, бұдан кейін мемлекет басшысының демалысы созылып кетіп, бұл өз кезегінде оның денсаулығына қатысты түрлі дақпырттардың таралуына түрткі болды. Осыған байланысты осы аптаның басында баспасөз қызметіне осындай алыпқашпа әңгімелерді ресми түрде жоққа шығаруына тура келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті