Қырғыздар 18 тонна үйрек етін контрабандалық жолмен алып өтпек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыздар 18 тонна үйрек етін контрабандалық жолмен алып өтпек болған

Қырғыздар 18 тонна үйрек етін контрабандалық жолмен алып өтпек болған

Жамбыл облысында 18 тонна үйрек етін контрабандалық жолмен алып өтпек болған екі қырғыз қолға түсті. Айыр қалпақты ағайындар заңсыз тауарды қара өріктің астына жасырып, тасымалдамақ болған.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 330
Фото - Caravan.kz


Тек айласы жүзеге аспай, «Сыпатай» кеден бекетінен өте бергенде әшкереленді. Жалпы тауар декаларацияда өрік деп көрсетілген. Жүк көлігін қосымша тінту кезінде жасырылған құс еті шыққан. Тәркіленген қырғыздық үйрек етінің құны шамамен 40 млн. теңге.