Қырғызстан 2007 жылы электр қуатын экспорттаудан 6,6 млн АҚШ долларын тапқан - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан 2007 жылы электр қуатын экспорттаудан 6,6 млн АҚШ долларын тапқан

Қырғызстан 2007 жылы электр қуатын экспорттаудан 6,6 млн АҚШ долларын тапқан

БІШКЕК. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстанда "Электр станциялары" ААҚ 2007 жылы электр қуатын экспорттаудан 6,6 млн АҚШ долларын тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Маусым 2007
  • 375
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстанға 1,456 млн АҚШ долларына, ал Тәжікстанға — 3,3 млн АҚШ долларына электр қуаты сатылған. Өзбекстанға көгілдір отынға айырбас ретінде 1,866 млн АҚШ долларының электр қуаты экспортталған.

«Электр станциялары» ААҚ атап өткендей, Қазақстанға әлектр қуатының тасымалы жоспардан төмен орындалған, себебі Қазақстанның мемлекеттік энергетикалық операторы болып табылаты «KEGOC» АҚ көктемгі айларда қырғыз электр қуатының өтуін шектеген. Келісімдік міндеттеме осы жылдың маусым-шілде айларында орындалады, деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті