Қырғызстан "Ақ-Жол" өткізу пункті арқылы өтуге қойылған шектеуді алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан "Ақ-Жол" өткізу пункті арқылы өтуге қойылған шектеуді алды

Қырғызстан "Ақ-Жол" өткізу пункті арқылы өтуге қойылған шектеуді алды

БІШКЕК. 6 - тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан үкіметі "Ақ-Жол" өткізу пункті арқылы өтуге қойылған шектеуді алды. Осы жөніндегі қаулыға Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Тамыз 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаулы «Ақ-Жол» көп тарапты өткізу пункті арқылы Қырғызстан мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтетін тұлғалар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында» қабылданған.

Жаңа құжатқа сәйкес 2007 жылдың 31-желтоқсанына дейін халықаралық тұрақты жолаушылар тасымалы үшін; Қазақстан Республикасының кеден қызметінің жеткізілімдерді бақылау жүйесі арқылы Қазақстан аумағы аумағы арқылы транзитті жүк көліктері; жеңіл көліктер үшін, қырғыз-қазақстан мемлекеттік шекарасын жаяу кесіп өтетін тұлғалар үшін шекарадан тәулік бойы өткізу режимінде қызмет көрсетеді.

Қойылған шектеу «Ақ-Жол» көп тарапты өткізу пунктын қайта жөндеп жатқан құрылыс компаниясы кестедегі жоспардан бұрын жұмысты аяқтағандығына байланысты алынған.

Бұрын хабарлағанымыздай, жыл аяғына дейін Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекарада күндізгі уақыттарда шектеумен өткізуді енгізу жоспарланған. 17-шілдеден бастап жеңіл көліктерді тек 22.00-ден 7.00-ге дейін ғана өткізуге рұқсат берілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті