Өткен түні «Қордай» кеден бекетінде қырғыз азаматының көлігін тексеру кезінде кеден қызметкерлері 3 кг 822 грамм героин салынған екі пакет тауып алды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Құдайберген Рысдәулет мәлімдеді.
Осы факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.