Қырғызстан банктеріндегі шетелдік капитал үлесі 60% құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан банктеріндегі шетелдік капитал үлесі  60% құрайды

Қырғызстан банктеріндегі шетелдік капитал үлесі 60% құрайды

БІШКЕК. 26 шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстанның коммерциялық банктеріндегі шетелдік капитал үлесі 60% құрайды. Бұл туралы бүгін "Әлемдік экономикадағы Орталық Азиялық қаржы раногы" атты төртінші халықаралық банкаралық конференцияда сөз сөйлеген Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Марат Алапаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Шiлде 2007
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстанның банк саласы қарқынды дамып келеді, шетелдік инвестор республикадағы банк бизнесіне үлкен қызығушылық танытуда, ел банктеріндегі шетелдік капитал үлесі 60% құрайды», — деді М. Алапаев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында коммерциялық банктердің несиелік қоржыны 62,5%-ке, депозиттік базасы 11%-ке өсті. Банк секторының жиынтық таза капиталының көрсеткіші 6,7 млрд сомнан асып, жыл басынан бері 33,7%-ке өсті.

Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы сонымен бірге ел банктерінің таза пайдасы жарты жылда 643 млн сомды құрағанын, бұл өткен жылғы осы көрсеткіштен екі есе артық.

$1 38 сомға тең.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті