«Қырғызстанда өзара іс-қимылдады реттеу туралы Қырғыз Республикасы мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы меморандумға қол қоюды оң бағалады. Қырғызстан Үкіметінің БЭК аумағында экономикалық ықпалдасу жолы бойынша ілгерілеуге және Кеден одағына қосылу бойынша келіссөздер үдерісін жалғастыруға ниетті екендігін қуаттағым келеді», — деді ол.
Оның атап өтуінше, еуразиялық кеңістікпен ықпалдасу үдерісі Қырғызстан экономикасының дамуы үшін мол мүмкіншіліктер беріп, инвестицияның артуына, заманауи технологияларды енгізуге жол ашады. Ал мұның нәтижесі Қырғызстан экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етпек.
«Қырғызстан Үкіметі Қырғыз Республикасының Кеден одағының қолданыстағы келісімшарт-құқықтық базасына қосылуы процесі бойынша Жол картасын әзірлеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылдарды жандандыруда. Салалық бағыттар бойынша көлемді жұмыстар атқарылды. Осы маңызды құжаттың барлық тармақтары бойынша бәтуаластыққа қол жеткізіліп, Жол картасы барынша таяу уақытта қабылданады деп сенемін», — деді ҚР Премьер-Министрі.