Қырғызстан парламенті 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады

Қырғызстан парламенті 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады

БІШКЕК. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутаттары "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын бүгін екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Сәуiр 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

Қабылданған заң жобасына сәйкес, ағымдағы жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 26,217 млрд сом, шығыс бөлігі 32, 161 млрд сом болмақ. Бюджеттің шектеулі тапшылығы 4 млрд сомнан асады, тапшылықтың бір бөлігін халықаралық ұйымдардың гранты есебінен жабу көзделуде.

Заң Қырғызстан президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

1 АҚШ доллары 38 сомға тең.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті