Қырғызстан парламенті талас тудырып отырған қазақ-қырғыз шекара учаскелері бойынша тарихи құжаттарды көтермекші - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті талас тудырып отырған қазақ-қырғыз шекара учаскелері бойынша тарихи құжаттарды көтермекші

Қырғызстан парламенті талас тудырып отырған қазақ-қырғыз шекара учаскелері бойынша тарихи құжаттарды көтермекші

Бішкек. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламенті талас тудырып отырған қазақ-қырғыз шекара учаскелері бойынша тарихи құжаттарды зерделемекші, деп хабарлайды агенттік тілшісі жоғарғы кеңеске сілтеме жасай отырып.

  • 27 Наурыз 2008
  • 532
Фото - Caravan.kz

Парламентте талас тудырып отырған жер учаскелері бойынша мәселе сәуір айында қарастырылады. Сондықтан депутаттар бұл мәселені жан жақты шешу үшін өткен ғасырдың 20-30 жылдары қабылданған ресми құжаттарды зерттемекші.

«Мұндай шешімге осы мәселемен айналысып жүрген бір топ депутаттар келді. 22 адамнан құралған комиссия мүшелері 17-19 наурыз аралығында Талас облысына барып «Карьер», «Қайнар», «Көк-Сай» талас тудырып отырған учаскелерін көріп қайтты», — деп хабарлады парламентте.

Қазақстан жағынан «Карьердің» орнына Жамбыл қаласы маңындағы және Шу облысына көршілес жатқан жер учаскелерін беру туралы ұсынысы Қырғызстан парламент депутаттарының екіұдай пікірін туғызды. Ол учаскелер егіндік жерлер болса «Карьерде» гранит пен қиыршық тас алынады. Ал Қырғызстанның оған деген сұранысы бұрынғыша жоғары болып отыр.

Арнайы комиссияның құрамы жоғарғы кеңес аппаратының сарапшылары, үкімет пен сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Мемкартография, Мемрегистр, «Қырғызгипрозем» институтының мамандары кірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті