Қырғызстан парламенті зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін төмендету жөніндегі түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін төмендету жөніндегі түзетулерді қабылдады

Қырғызстан парламенті зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін төмендету жөніндегі түзетулерді қабылдады

БІШКЕК. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутаттары бүгін зейнет демалысына шығатын жас мөлшерін төмендету жөніндегі түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Наурыз 2007
  • 346
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға енгізілетін түзетулерге президент қойған ветоны еңсеру үшін 62 депутат дауыс берді. Қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау үшін 38 дауыс болса жеткілікті.

Қабылданған заң жобасына сәйкес, қырғызстандық әйелдер 55 жаста, ал ер адамдар 60 жаста зейнет демалысына шыға алады. Бұрын әйелдер 58, ер адамдар 63 жаста зейнеткерлікке шығатын.

Қырғызстанда 500 мың азамат зейнетақы алады, қарттарға берілетін ай сайынғы орташа төлем 20 АҚШ доллары шамасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті