Қырғызстан Қазақстаннан 30 мың тонна бидай сатып алады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Қазақстаннан 30 мың тонна бидай сатып алады

Қырғызстан Қазақстаннан 30 мың тонна бидай сатып алады

Бішкек. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Қазақстаннан 30 мың тонна бидай сатып алады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының сатып алу және материалдық резервтер жөніндегі агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Наурыз 2008
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Бұл қорға құйылып сақталып қойған 70 мың тонна жоғары сапалы бидайға қосымша қомақты қор болады «, — деп хабарлады мемлекеттік агенттіктегілер. «Бидай тоннасы көрші мемлекеттен 360 долларға сатып алынып отыр, ал Еуропа елдеріне 100 доллар қымбатқа сатылады», — деп түсіндірді ведомствода.

Мемлекеттік агенттік директоры Пайзуллабек Рахмановтың сөздері бойынша, қорға құйылып жатқан бидай мемлекеттік азық -түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Қазақстанан сатып алынған бидай елге наурыздың аяғында жеткізіледі.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Қырғызстан шенеуніктері қосымша тағы да бидай көлемін сатып алу мәселесін талқылауда. Хал ахуалы төмен болып саналатын 1,3 млн Қырғызстан тұрғындарына өнім жеңілдетілген бағамен сатылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті