Қырғызстан Қазақстаннан ұн тасымалдауға қатаң тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Қазақстаннан ұн тасымалдауға қатаң тыйым салды

Қырғызстан Қазақстаннан ұн тасымалдауға қатаң тыйым салды

Қырғызстанда Қазақстанда өндірілетін байытылмаған ұнды тасымалдауға және пайдалануға тыйым салынды.

  • 1 Қараша 2017
  • 240
Фото - Caravan.kz

Президент Алмазбек Атамбаев осыған қатысты тиісті заңнамаға қол қойды, деп хабарлады 24.кз

Ескертуді елемегендер 50 мың сом айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Бұл шамамен – 250 мың теңге. Алайда қазақстандық сарапшылардың айтуынша, бұдан біздің шаруалар еш ұтылмайды. Былтыр көрші елге 27 мың тоннадан астам ұн тасымалдадық. Бұл – экспорттың жалпы көлемінің бір ғана пайызы.

– Қырғыздар бүгінгі күнге дейін қазақстандық байытылмаған ұнға қатысты бір де бір шағымын айтпаған. Біздің өнім көрші елдің нарығында бұрыннан бар. Демек айырқалпақты ағайынның мұндай шешімінде саяси астар жатқан секілді,- деді Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган.