Сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында институт басшылығының өкілдері мәлім еткендей, Қырғызстанның ең сейсмикалық қауіпті өңірлерінің қатарына оңтүстік Алай жатқызылған. Оған Баткен және Ош облыстарының аудандары кіреді. 2003 жылы басталған белсенділіктің бірінші фазасы 2008 жылы аяқталады. 7-8 балл жер сілкінісі күтіліп отыр. Екінші фаза 2010 — 2012 жылдары басталады деп болжануда және ол да сейсмикалық белсенділіктің артуымен байланысты болмақ.
Талас және Шу облыстарында биылғы жылы аса қатты емес жер сілкіністері болуы мүмкін. 7 — 8 баллдық жер сілкінісі кейінірек, 2012 — 2016 жылдары болуы мүмкін. 2010 — 2012 жылдары Ыстықкөл ауданында да жағдай нашарлайды деген қауіп бар. Ал Нарын облысында жер сілкінісінің 7-8 баллға дейін болатын шегі 2008 — 2010 жылдарға болжанған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті