Бұл туралы Қырғызстан президенті аппаратының жетекшісі Сүйінбек Касмамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.
«Үкімет толығымен отставкаға кетті. Бірақ олар үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндетін атқара береді», – деді Касмамбетов.
Еске салайық, 5-6 қазандағы оқиғалардан кейін Қырғызстанда жаңа үкімет жасақталып, оған Садыр Жапаров жетекшілік еткен. Алайда ол президенттік сайлауда жеңіске жеткендіктен, оның өкілеттігі тоқтатылды.