Қырғызстан үкіметі Қайыңды кабель зауытының жұмысын жандандыру үшін инвестиция тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан үкіметі Қайыңды кабель зауытының жұмысын жандандыру үшін инвестиция тартпақ

Қырғызстан үкіметі Қайыңды кабель зауытының жұмысын жандандыру үшін инвестиция тартпақ

Бішкек. 24-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкіметі "Қайыңды кабель зауыты" ААҚ-ның жұмысын жандандыру және тұрақтандыру үшін инвестиция тартпақ ниетте. Тиісті жарлыққа Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудинов қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, үкімет Мемлекеттік мүлікті басқаратын мемлекеттік комитетке «Қайыңды кабель зауыты» ААҚ-н 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бағдарламасының жобасына енгізуді тапсырған.

Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігіне

зауыт қызметін жандандыру және тұрақтандыру шараларының кешенін дайындау тапсырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті