Қырғызстан ВИЧ індетін тексеруден жалтарған шетелдіктерді әкімшілік жауапқа тарту тәртібін енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан ВИЧ індетін тексеруден жалтарған шетелдіктерді әкімшілік жауапқа  тарту тәртібін  енгізді

Қырғызстан ВИЧ індетін тексеруден жалтарған шетелдіктерді әкімшілік жауапқа тарту тәртібін енгізді

БІШКЕК. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда ВИЧ індетіне қатысты міндетті медициналық тексеруден өтуден әдейі жалтарған шетелдіктерді әкімшілік жауапқа тарту тәртібі енгізілді. Қырғызстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексіне толықтырулар енгізу туралы заңға президент Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Наурыз 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, осы заңның әсері аясына сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар да жатады.

Бүгінде Қырғызстанда ВИЧ індетін жұқтырған 1 мыңнан астам адам тіркелген, олардың 10 пайыздайы — шетелдіктер. Үштен бірге жуығы Ош қаласында тіркелген. ВИЧ індетін жұқтырған Қырғызстандықтардың 74 пайызы — еркектер, 26 пайызы — әйелдер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті