Қырғызстанда 2007 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы мемлекеттік бюджет кірісі 100 млн АҚШ долларынан артып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда 2007 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы мемлекеттік бюджет кірісі 100 млн АҚШ долларынан артып отыр

Қырғызстанда 2007 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы мемлекеттік бюджет кірісі 100 млн АҚШ долларынан артып отыр

БІШКЕК. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда 2007 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы мемлекеттік бюджет кірісі 3,9 млрд сомды, немесе 100 миллионнан астам АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Қаржы министрілігінің кірісті талдау және қалыптастыру басқармасына сілтеме жасай отырып.

  • 12 Наурыз 2007
  • 387
Фото - Caravan.kz

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы республиканың бюджеттік кірісі 25,6 пайызға, немесе 787,4 млн сомға (20,3 млн АҚШ долларына) өскен.

Есеп беру кезеңінде Қырғызстан кірісінің негізгі үлесін мемлекеттік қазынаны толтырудың басты көзі — салық түсімдері құрап отыр. Салық түсімдерінің көлемі елдің ішкі жалпы өніміне шаққанда 3,4 пайызға өсіп, ІЖӨ-нің 24,6 пайызына жеткен.

Салық түсімдерінің жалпы сомасы 3,3 млрд сомды (85,2 млн АҚШ долларын) құраған, оның ішінде 1,8 млрд сом (46,5 млн АҚШ доллары) кеден органдарының, 1,5 млрд сом (38,5 млн АҚШ доллары) салық органдарының үлесінде. Салық кірістерінің номиналдық өсуі 2006 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 27,3 пайызды, немесе 716,3 млн сомды (18,5 млн АҚШ долларын) құрап отыр. Бұл негізінен импортқа түскен салық есебінен және азғана бөлігі — ішкі өндіріс салығының есебінен қамтамасыз етіліп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті