Министрліктің ақпарат көздері хабарлағанындай, тұрғын үй секторын су басып қалмау үшін, суды кері қайтарудың шаралары қолға алынып, жағдай бақылануда.
РҚ ТЖМ мәліметтері бойынша, Ыстықкөл облысының Жеті-Огыз ауданында қатты аяздан жергілікті өзенде мұз құрсауы түзіліп, су деңгейі қалыптан тыс көтерілді. Соның салдарынан алты үй зардап шекті. Қазір мұз жарылып, өзендегі су деңгейі төмендей бастады, деп хабарлады ТЖМ өкілдері.
Талас облысының Манас ауданындағы Кіші-Қапша су арнасында да мұз құрсауы жиналып, Новодонецк және Талас ауылдарының жол учаскесінің тоғызыншы шақырымы судың ішінде қалды. Көліктердің жүруі қиындатылды, деп атап өтті Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің қызметкерлері. Арнаны тазалау жұмыстарына екі бульдозер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
Жалал-Абад облысындағы Ақ-Суу, Қызыл-жар ауылдарында қатты аяздардың салдарынан су құбырлары істен шыққан. Төрт жарым мың адам ауыз сусыз қалды. Жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мәліметтері бойынша, су құбырлары пайдалануға және қалпына келтіруге жарамсыз болып қалған. Құтқарушылар мен жергілікті билік органдарының қызметкерлері тұрғындарға ауыз суды канистралармен жеткізіп отыр.
Шу облысының Аламұдұн ауданының Аламедин өзенінде пайда болған мұз құрсауынан, Арашан ауылында 20 саяжай учаскесі судың астында қалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті