Министрдің айтуынша, Ноокат аймақтық ауруханасының бас дәрігері, Ош қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің бас дәрігері, облыстық қан құю орталығының бастығы қызметтерінен босатылды. Олардың бәрі де өз қызметтеріне немқұрайды қарау салдарынан адамдардың ВИЧ індетін жұқтырууына байоанысты қызметтен босатылған. «Барлығы 11 адамнан, соның ішінде 12-18 айлық 9 балаға қойылған диагноз расталды»,- деді министр.
Оның айтуынша, дәрігерлер Ұлттық педиатрия және хирургия орталығына ВИЧ індетін жұқтырған бала келгеннен кейін дабыл қаққан. Ол бұрын Ноокат аймақтық клиникалық аурауханасы мен Ош қалалық балалар ауруханасында емделген. Осыған байланысты Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі арнаулы комиссия құрып, олар індет жұқтырғандармен байланыста болған 761 адамды тексеруден өткізді.
Т. Абдраимов, балалардың барлығына дерлігі індетті дәрі құю арқылы жұқтырғанын, тек бар бала ғана індетті өзінің анасынан жұқтырғандығын атап өтті. Тексеру барасында ВИЧ індетін жұқтырған дәрігер де анықталған. Ол өзінің емделушісінен жұқтырған деген болжам бар. Министрдің пайымдауынша, балаларға дерт бір реттік шприцтерді көп рет пайдалану жолымен жұқтырған. Екінші болжам бойынша, дәрігерлер бұғанадан қосатын катетерлерді үнемдеу салдарынан індеттің жаппай таралуына себеп болған. Аталмыш іске қатысты материалдар республиканың тергеу органдарына жіберілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті