Қырғызстанда милицияның азаматтардан негізсіз құжат тексеруіне тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда милицияның азаматтардан негізсіз құжат тексеруіне тыйым салынды

Қырғызстанда милицияның азаматтардан негізсіз құжат тексеруіне тыйым салынды

Бішкек. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда милицияның азаматтардан негізсіз құжат тексеруіне тыйым салынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Қаңтар 2008
  • 377
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, мұндай тыйымды Қырғызстанның ішкі істер министрі енгізген.

Ішкі істер министрлігінің жеке құрамына қаратып айтқан сөзінде ол, сондай-ақ, милиция қызметкерлерінің көлік құралдары мен жүктерді заңсыз тексерумен, өндірістік, қоймалық және өзге де коммерциялық және қызметтік ғимараттарды соған заңдық негізі болмаса да санкциясыз тексерумен және мөрлеумен күресуді тапсырған.

Милицияның барлық бөлімшелерінің басшыларына милиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері және өзге де қоғамдық пікірталас тудырған оқиғалар жөніндегі БАҚ-тың барлық материалдарын сараптамадан өткізуге бұйрық берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті