Қырғызстанда сайлауға 12 партияның қатысуына рұқсат етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда сайлауға 12 партияның қатысуына рұқсат етілді

Қырғызстанда сайлауға 12 партияның қатысуына рұқсат етілді

Бішкек. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауына тек 12 саяси партия ғана қатысады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Қараша 2007
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын ұсынған 22 партияның үміткерлер тізіміне 12 саяси партия тіркелген»,- деп хабарлайды Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясынан.

Естеріңізге сала кетейік, саяси партиялар тізімін тіркеу 25-қарашада, жексенбіде аяқталған болатын. Бүгін республикада сайлау алды насихаттау жұмыстары басталды. Осыған байланысты Қырғызстанның Конституциялық сотының төрайымы Чолпон Баекова бүгін президентке өзінің өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жолдады. Сондай-ақ Қырғызстан Республикасының омбудсмені Турсунбай Бакир-уулу мен Бішкектің вице-мэрі Галина Куликова өз лауазымдарын босатты.

Қырғыздың заңына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер сайлау алды насихат жұмыстарына қатысуға құқылы емес.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстанда мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауы үстіміздегі жылдың 16-желтоқсанына межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті