Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің телекоммуникациялық технологиялар мәселелері жөніндегі сарапшыларының кездесуі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің телекоммуникациялық технологиялар мәселелері жөніндегі сарапшыларының кездесуі өтеді

Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің телекоммуникациялық технологиялар мәселелері жөніндегі сарапшыларының кездесуі өтеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. БІШКЕК. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің өкілдері Қырғызстанда телекоммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы талқылайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қыркүйек 2007
  • 580
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы министрлер кеңесінің жанындағы қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар жөніндегі арнаулы жұмыс тобының отырысы 6-7 қыркүйекте өтеді. Кездесу Ыстықкөлдің жағалауындағы бір мейманханада өтпек. «Тараптар ынтымақтастықты нығайту перспективалары мен саладағы өзекті проблемаларды шешу жолдары жайлы талқылайды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жұмыс тобының отырысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның сарапшылары қатысады. Кеңеске Қырғызстан төрағалық жасайды.