Қырғызстанда шенеуніктер үшін жазғы және қысқы жұмыс кестесі енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда шенеуніктер үшін жазғы және қысқы жұмыс кестесі енгізілді

Қырғызстанда шенеуніктер үшін жазғы және қысқы жұмыс кестесі енгізілді

Бішкек. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның үкіметі мемлекеттік қызметкерлер үшін жазғы және қысқы жұмыс кестесін бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Қараша 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

Мұндай қаулыға Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Алмазбек Атамбаев қол қойған. «Бұл қаулы республика азаматтарының мүддесін ескере отырып, жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қабылданып отыр»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қабылданған құжатқа сәйкес, 15-қараша мен 31-наурыз аралығында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күні 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал демалыс және тамақтануға арналған үзіліс 12.30-ден 13.30-ға дейін созылады.

Шенеуніктер 1-сәуір мен 14-қараша аралығында 8.30-дан 17.30-ға дейін жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің осы кезеңдегі түскі үзіліс уақыты 1 сағатқа — 12.00-ден 13.00 ге дейін созылады.

Қырғызстандағы мемлекеттік қызметкерлердің саны 14 мыңға жетіп жығылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті