Қырғызстанда ТМД мемлекетаралық өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда ТМД мемлекетаралық өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді

Қырғызстанда ТМД мемлекетаралық өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 тамыз. МИНСК. Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында тамыздың 27 мен 29 аралығында ТМД мемлекетаралық өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің кезекті 6-шы отырысы өтеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2007
  • 462
Фото - Caravan.kz



«Мемлекетаралық өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің мүшелері өндірістердегі апаттар мен жарақаттану көрсеткіштерін азайту мәселелерін қарап, қадағалауындағы нысандардағы төтенше жағдайлар жөніндегі ақпараттарды алмасуды жетілдіре түсу әдістемесін дәйектейді», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мемлекетаралық өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттардың мәліметтер базасын қалыптастыру мәселелері талқыланады. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды дайындау, аттестациялау және сертификаттау жөніндегі құжаттарды мойындау тәртіптері жөніндегі келісімнің жобасы да қаралады», — деп түсіндіреді баспасөз қызметі. «Келісім ТМД-ның жоғарғы органдарының қарауына ұсынылады».

Бұған қоса, баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста ТМД елдерінің өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы әріқарайғы ынтымақтастығына қатысты мәселелер де талқыланады. Мемлекетаралық өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі кеңес мүшелері бірқатар екі жақты кездесулер өткізбекші.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина және ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады. Бұған қоса «Румыния, Польша және Латвия Республикаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандары шақырылған».