Қырғызстанда ұзаққа созылған аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда ұзаққа созылған аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Қырғызстанда ұзаққа созылған аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Бішкек. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда республиканың білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, 24 қаңтар мен 4 ақпан аралығында мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Республика көлемінде ұзаққа созылған аяздың орнығуына байланысты және білім беру мекемелерінде тиісті жылу режимінің төмендеуіне байланысты, сондай-ақ, аудандық және қалалық білім беру бөлімдері меңгерушілерінің өтініштері бойынша сабақтар тоқтатылды «,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мектеп оқушылары қол үзіп қалған сабақтарын көктемгі және жазғы каникул кезінде қайталайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті