Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

Бұл туралы “Вечерний Бишкек” хабарлайды.

Әскери қызметкер есірткі затымен ұсталғаны нақтыланды. Әскери қызметкерді ұстау шараларын қазақстандық шекарашылар ж?

  • 18 Қазан 2017
  • 170
Фото - Caravan.kz

Әскери қызметкер есірткі затымен ұсталғаны нақтыланды. Әскери қызметкерді ұстау шараларын қазақстандық шекарашылар жүзеге асырған. Кейбір мәліметтерге сәйкес қылмыстық іс Қордай аудандық сотында қарастырылады.

“Офицерлер тобы “Мызғымас бауырластық-2017” біріккен оқу жаттығуларына қатысуға келе жатқан. Офицер осы топтың құрамында болған. 15 қазан күні “Ақ Жол” бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК МШҚ қызметкерлері ұстады”, — деп хабарлайды сайт.


Бас штабтың баспасөз қызметі Қырғызстандық әскери қызметкердің ұсталғанын растады. Алайда мекеме оған себеп болған жағдайды нақтыламады. Бас штаб қазіргі уақытта тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар