Қырғызстанның аймақтарында оппозиция өкілдерінің шерулері басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның аймақтарында оппозиция өкілдерінің шерулері басталады

Қырғызстанның аймақтарында оппозиция өкілдерінің шерулері басталады

БІШКЕК. 9 сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның аймақтарында бүгін оппозияцияның мерзімсіз шерулері басталады. Олар ел президенті Құрманбек Бакиевтің отставкаға кетуін талап етпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" бірлескен майданына (БМ ) сілтеме жасап.

  • 9 Сәуiр 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

Оппозиция өкілдері акцияны өткізу барысындағы міндеттерін бөліп алған: бұрынғы ІІМ Өмірбек Суванәлиев жаппай шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, парламент депутаттары Мелс Эшимканов, Қуатбек Байболов, Темір Сариев мемлекеттік орган қызметкерлерімен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

Жоспарланғандай , наразылық акциясы бүгін Шу, Нарын, Талас және Ыстықкөл елді мекендерінде басталады. Қауіпсіздік мақсатында Қ.Бакиевтың жақтастары көп шоғырланған республиканың оңтүстігінде шеру өткізбеу туралы шешім қабылданған. Оппозиция жетекшілерінің болжауынша, шараға бірнеше мың адам қатысады. Сәрсенбі күні , 11 сәуірде , мерзімсіз наразылық акциясы Бішкекте жалғасады.

Осыған дейін хабарланғандай, Қырғызстан астанасы мен республиканың бірқатар қалалары мен ауылдарында 5 сәуірден бастап оппозиция жақтастарының саяси аштығы өтуде . Олар президенттің отставкаға кетуін және конституцияны реформалауды талап етіп отыр. Аштыққа жүзден астам адам қатысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті