Қырғызстанның бұрынғы президентінің қызына қылмыстық іс бойынша айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның бұрынғы президентінің қызына қылмыстық іс бойынша айып тағылды

Қырғызстанның бұрынғы президентінің қызына қылмыстық іс бойынша айып тағылды

БІШКЕК. 3 тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанның бұрынғы президентінің қызы Бермет Акаеваға Қырғызстан Қылмыстық кодексінің үш бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі республиканың Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

  • 3 Тамыз 2007
  • 530
Фото - Caravan.kz

Арнаулы қызметтің ақпаратына сәйкес, Б. Акаеваға әділеттілікті жүзеге асыруға кедергі келтіру; сотқа құрметсіздік таныту; құжаттар, мөрлер мен таңбаларды ұрлап жою және жасыру жөніндегі айыптар тағылуда.

Б. Акаеваның адвокаты Икрамидин Айткулов қылмыстық істі тоқтату жөнінде шағым жазды. Оның пікірінше, тергеу бұрынғы президенттің қызының қылмыс жасағанын дәлелдей алмады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 24-сәуірінде Б. Акаеваның жақтастары Кемин аудандық сотының ғимаратын басып алған, онда бұрынғы президенттің қызын сайлау алдындағы додадан шығарып тастау жөніндегі іс қаралып жатқан болатын. Сол күні болған жаппай тәртіпсіздіктер қылмыстық іс қозғауға негіз болған. Б. Акаева Қырғыз парламентінің депутаттығынан үміткер ретінде №57 Кемин округі бойынша сайлауға түскен болатын. 2005 жылдың ақпан айында осы округ бойынша депутат болып бұрынғы президенттің ұлы Айдар Акаев сайланған, бірақ ол наурыз төңкерісінен кейін елден кетіп, қайта оралған жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті