Бұл туралы бүгін Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мектеп Алай ауданының Бірінші май ауылында орналасқан. Көктем шығысымен мектепке күніне отыз шақты жылан келеді екен. Олар 20 мұғалім мен 144 оқушының денсаулығына қауіп төндіреді.
Осы мәселені шешу үшін жергілікті тұрғындар санитарлық індетті қадағалау қызметі мен ветеринария басқармасына жүгінген, алайда олар шара қабылдауға қауқарсыз екендеін айтқан.
Сондықтан ол жерге Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері барып, мектепті уақытша жауып тастаған.