Жарияланды: 480

Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісі болған аймақта қаза тапқан 68 адам табылды

Алматы. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында жер сілкінісі болған аймақта қаза тапқан 68 адам табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Каратаевқа сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың бәрі де Нұра ауылының тұрғындары. Ош қаласының ауруханаларына зардап шеккен 26 адам жеткізілген. Қырғызстанның ТЖМ-нің хабарлауынша, ауылдағы 150 үйдің 120-сы толық қирап, 50 -ден астам адам зардап шеккен, жол бүлініп , байланыс үзілген. Жер сілкінісі кеше сағат 22.53-те болған, сілкініс ошағында оның қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 баллға жеткен. Жер сілкінісінің ошағы болған Алай ауданында жер сілкінісінің қуаты 8, облыс орталығы -Ош қаласында - 6,5, Бішкекте - 3-4 балл болды. Осы жер сілкінісінен 19 минуттан кейін Қытай аумағында, Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағының оңтүстігінде, Ош қаласынан 150 шақырым жердегі Сары-Таш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде қуаты 5,7 балл болатын жер асты дүмпулері қайта сезілді. Бішкекте сезілген бірінші жер сілкінісінің қуаты 3-4 балл болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін