Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, комиссия төрағасы болып вице-премьер Нұрұлы Досбол сайланды. Қырғызстанның транспорттық прокуратурасының арнаулы комиссиясы да апат себептерін бір уақытта зерттеп жатыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-маусымда Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты ұшағы Қырғызстанның Нарын облысы Кочкор ауданында апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болған. Оған ұшақ қозғалтқышының істен шығуы себеп. ЯК-40 ұшағында «Манас» әуежайының басшылығы мен Қырғызстанның азаматтық авиациясы департаментінің өкілдері болған. Ұшақ Бішкек — Тамчи — Нарын — Казарман — Бішкек бағытындағы рейске шыққан көрінеді. Жолаушылар ұшақтан шыққан соң ол жарылып кеткен. Бірнеше адам жеңіл жараланған, құрбан болғандар жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті