Қырғызстанның үкіметін оппозиционер басқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның үкіметін оппозиционер  басқарады

Қырғызстанның үкіметін оппозиционер басқарады

БІШКЕК. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанның жаңа премьер-министрі болып Алмазбек Атамбаев тағайындалды. Бұл туралы бүгін Қырғызстан Республикасының үкімет үйінде президент Құрманбек Бакиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Наурыз 2007
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Азим Исабеков отставкаға кету туралы өтініш берген, ол ең бастысы елде тұрақтылықты және жаппай тәртіпсіздік пен толқуға жол бермеуді қамтамасыз ету деп санайды»,- деп мәлім етті Қ. Бакиев үкімет мүшелерімен кездесуінде. «Дәл осы пікірді ұстанған Азим Исабеков кеше үкіметтегі бірқатар лауазымдарға оппозициядан ұсынылған кандидаттарды тағайындауға дайын екендігі туралы мәлімдеді, бірақ бұл жақсы ниеттен туындаған ұсыныс болғанымен, бәрібір сауда-саттықа ұқсап тұр»,- деп атап өтті мемлекет басшысы.

Құрманбек Бакиевтің сөздеріне сүйенсек, ол премьер-министрдің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдаған. Президент үкіметтің жаңа құрамына елдің жетекші күштері сенуге тиіс, деп атап көрсетті.

«Мен премьер-министрдің міндетін атқарушы ретінде тағайындалған Алмазбек Атамбаевқа үкіметті қалыптастыруды тапсыруға шешім қабылдап, оны премьер-министр ретінде тағайындауға келісім алу үшін оның кандидатурасын Жогорку Кенешке ұсындым»,- деп атап өтті мемлекет басшысы. — «Мен Алмазбек Атамбаевқа саяси партиялармен және қозғалыстармен үкімет құрамы туралы кеңес өткізуді және маған ұсыныс енгізуді тапсырдым»,- деп мәлім етті ол.

Құрманбек Бакиев, бұл қадамның «оң нәтиже беретіндігіне, қоғамдағы шиеленісті азайтуға және билікке бар ынта-ықыласымен ұмтылушыларды ойландырар», деген үмітін айтып өтті.

Алмаз Атамбаев Қырғызстан Республикасының Чуй облысының Аламединский ауданының Арашан ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Ресей басқару Академиясын бітірген. 2005 жылдың наурызындағы революцияға дейін «Форум» Өнеркәсіптік топтың директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Республикадағы биліктің ауысуынан кейін Қырғызстан Республикасының экономикалық даму, өнеркәсіп және сауда министрі болып тағайындалған, бірақ реформаның алға басуымен күресу үшін өз еркімен отставкаға кеткен. Алмаз Атамбаев «Реформалар үшін» оппозициялық қозғалысы басшыларының бірі болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті