Қытай Қазақстан экономикасына салатын инвестицияны өсіруге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қазақстан экономикасына салатын инвестицияны өсіруге дайын

Қытай Қазақстан экономикасына салатын инвестицияны өсіруге дайын

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. Қытай Қазақстан экономикасына салатын инвестицияны өсіруге дайын. Бұл туралы бүгін Астанаға келген ҚХР басшысы Ху Цзиньтао Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз жүргізгеннен кейін өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

  • 18 Тамыз 2007
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Қытай үкімет Қазақстан экономикасына ел компанияларының инвестициясын өсіруді ынталандыру түсуде»,- деді ҚХР көшбасшысы. «Атап айтқанда, біз машина жасау, металлургия және басқа да салаларға инвестиция салуды өсіруге дайынбыз»,- деп нақтылады ол.

Ху Цзиньтао сондай-ақ, «Қытай Қазақстанда өнеркәсіптік және ғылыми парктер құруға белсенді қатысуға қызығушылық танытатындығын» атап өтті.

Ынтымақтастық жылдары ішінде, Қытайдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы, ҚХР статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 8 миллиардқа жуық АҚШ долларын құраған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті