Қытай Қазақстанға тегін әскери техника береді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қазақстанға тегін әскери техника береді

Қытай Қазақстанға тегін әскери техника береді

Бүгін тиісті келісімге қос елдің Қорғаныс министрлері қол қойды. Ал Астанаға келген мәртебелі мейманды Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.

  • 13 Қазан 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Чан Ваньцюан құр келмепті. Қазақстан қарулы күштерінің қауқарын көтеру үшін техника дәлірек айтқанда, трал сүйрейтін және жүкті түсіріп-тиейтін ауыр техникаларды ақысыз бермек. Елбасымен кездесуде әлемдегі ең қуатты армияның тізігін ұстап отырған министр қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті. Қос ел  жақында лаңкестікке қарсы бірлескен оқу жаттығу өткізуге де уағдаласты.