Қытай Қазақстанның сауда әріптестері тізімінде төртінші орын алады - сенат спикері - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қазақстанның сауда әріптестері тізімінде төртінші орын алады - сенат спикері

Қытай Қазақстанның сауда әріптестері тізімінде төртінші орын алады - сенат спикері

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қытай Қазақстанның сауда әріптестері тізімінде төртінші орын алады. Бұл туралы бүгін Қытай Халық Республикасындағы ресми сапары бастаған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өтті, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 871
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚХР-ға келген алғашқы күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қытайдың халықаралық проблемалар институтында ғалымдармен кездесті.

Ғылыми жұртшылық алдында сөз алған Қ.Тоқаев ТМД және Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде күрт дамып келе жатқан ел ретіндегі Қазақстанның одан әрі өркендеуі мен табыстарын орнықтырудың маңызды алғы шарттарының бірі — ҚХР-мен тұрақты түрде дамып келе жатқан ынтымақтастық екенін атап өтті.

«Қытаймен тату көршілестік және достық қарым-қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатында басым бағыт болып табылады. Өзара іс-қимылдың барлық салаларында, қауіпсіздік, өнеркәсіп пен энергетика, ғылым, мәдениет мәселесінде біздің еліміздің әлеуеті зор» деді Қ.Тоқаев.

Қазақстан мен Қытай халықаралық аренада белсенді ынтымақтасып, жаһандық және аймақтық ұйымдар аясында тығыз жұмыс істеп келеді, лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күресте бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асырады. Біз Пекиннің біздің аймақтағы мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіруі туралы «үш тажал» көзқарасына ортақтасамыз»-деп мәлімдеді төраға. Ол осы тұрғыда Қазақстан бірте-бірте стратегиялық бағытын жүзеге асырып келе жатқанын, ықпалдастық құрылымдарына тиімді түрде қатысуға қадам басқанын және ДСҰ-на кіруге келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.

Қазақстан мен Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы бірлескен іс-қимылының белсенділігі туралы айта келіп Қ.Тоқаев «ШЫҰ факторы» — Еуразиялық кеңістік ауқымында тұрақтылықтың маңызды бөлшегі деп атап өтті. ШЫҰ-ның тығыз әрі ерекше күн тәртібі саяси және қауіпсіздік саласымен ғана шектелмейді. ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттер үшін экономиканың да құрамдас болуы маңызды әрі қажет болып отыр». Осыған байланысты ол ынтымақтастықты нығайтуға ШЫҰ, оның ішінде Қазақстан мен Қытай парламентшілері де үлес қосатынына сенім білдірді.

Болашаққа бағдарланған өзара тиімді әріптестіктің бағыттары туралы айта келіп Қ.Тоқаев «сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастардың діңгегі болып табылады. Екіжақты сауда көлемі едәуір өсті, Қытай Қазақстанның сауда әріптестері тізімінде төртінші орын алады. Өзара сауда айналымында Қазақстан ҚХР-дың сыртқы саудасында Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдері арасында Ресейден кейін екінші орында және Қытайдың барлық елдер бойынша сауда әріптестері арасында 30 орынды алады».

Қытаймен екі ел халықтарының мүдделеріне жауап беретін, тең құқықты және өзара тиімді әріптестікті кеңейту, сондай-ақ халықаралық аренада ҚХР-мен жан-жақты өзара іс-қимылды күшейту туралы айта келіп Қ.Тоқаев «Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары Азия құрлығында маңызды фактор саналады және баламасы жоқ өзара тиімді әріптестік үлгісін көрсетіп отыр. Тек белсенді ынтымақтастық барысында ғана біздің елдеріміздің экономикасын дамытуға және олардың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты көптеген мәселелерді шешуге қол жеткізе аламыз» деді.

Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта кеңінен танымал әрі жоғары өкілінің қазақ және қытай тілдерінде айтылған жарқын да мазмұнды сөзін белгілі саясаткерлер, ғалымдар мен дипломаттар ықыласпен қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті