Жарияланды: 340

Қытай Төрағасы Қазақстанға мемлекеттік сапар жасайды

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао 12 маусымда Қазақстанға мемлекеттік сапар жасайды.

Қытай Төрағасының сапары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша өткелі отыр, делінген Қытай сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде. Ведомствоның хабарлауынша, Ху Цзиньтао сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ саммиті 15 маусымда Қазақстанның елордасында өтеді. Қытай Төрағасы сонымен қатар Ресей және Украина елдеріне мемлекеттік сапар жасайды және Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін