Қытайда 1, 3 миллион қазақ тұрады
Қытай Коммунистік партиясының негізі қаланғанына 90 жыл толды. Бұл туралы кеше Алматыда Қытай Компартиясы делегаттарының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушыларымен және студенттер қауымымен болған кездесуінде айтылды. |
Бейжің университетінің профессоры Пан Беэнің айтуынша, қазіргі таңда Қытайда 1 миллион 300 мың қазақ тұрады. Көршілес екі елдің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жыл өткен сайын тереңдеп келе жатыр. Бұл басқосу соның нақты айғағы болып отыр.
«Қытайға жастардың қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Біздің Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен байланысымыз алдағы уақытта бұдан да кеңейе түсетініне еш күмәнім жоқ», - деді ҚазҰУ-дің бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркiтбаев. Қонақтарды Қытай Компартиясының 90 жылдық мерейтойымен құттықтаған оның айтуынша, бұл оқу орнының шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасы бар. Сондай-ақ Конфуций орталығы да жұмыс жасауда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін