Жарияланды: 40

Қытайда COVID-19 өршуіне байланысты әскери жағдай режимі енгізілді

Қытайда COVID-19 өршуіне байланысты әскери жағдай режимі енгізілді

Коронавирус өршуіне байланысты Қытайдың Баодин қаласында әскери жағдай енгізілді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, Баодинда 11 миллионнан аса адам тұрады. Қала ел астанасы Бейжіңнен 147 шақырымда жерде орналасқан. Қалалар бір-бірімен тығыз байланысқан. 

"Эпидемиямен күрес жөніндегі жедел штаб Баодин қаласында індеттің таралуын болдырмау мақсатында әскери жағдай тез арада енгізілетінін және соғыс уақытының механизмін іске қосылатынын мәлімдеді", - делінген үкіметтің хабарламасында.

Еске салайық, 13 маусымда Бейжіңдегі ең ірі көтерме сауда базары "Синьфади" карантинге жабылған болатын. Мұнда импортталған арқан балығын (лосось) кесуге арналған тақтадан коронавирус табылды. Сондай-ақ, Фэнгтай аймағында да әскери жағдай енгізілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екені хабарланған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін