Қытайда екі бүлдіршіннің мәйіті кір жуатын машинадан табылған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда екі бүлдіршіннің мәйіті кір жуатын машинадан табылған

Қытайдың Цзянси провинциясында екі және үш жастағы қыз балалардың өліміне қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Олардың мәйіті өздері тұратын үйде, кір жуғаш машинаның ішінен табылған. Бұл туралы сейсенбі күні жергілікті «Глобал таймс» басылымы хабарлады.
           Атасының айтуынша, «қыздарды қанға толған машинадан әкесі тауып алған» көрінеді.
           Қыздарының кір жуатын машинаға кіріп ойнағанын асүйде жүрген анасы да, теледидар қарап жатқан әкесі де аңғармапты.
           Бастапқы болжамдарға сүйенсек, қайғылы оқиға машинадағы ақау салдарынан болған. Алайда, Haier тұрмыстық техникаларын шығаратын компания сарапшылары машинаның мұндай жағдайда іске қосылуы мүмкін еместігін алға тартып отыр.
           Полицейлер аталған машинаны үш рет тексерген. Екеуінде ол есік жабылғаннан кейін 52 секундтан соң өздігінен іске қосылған.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 590
Фото - Caravan.kz