Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, таңертең 14 адам құтқарылып, 65 адамның мәйіті табылды.
Апат кезінде теплоход бортында 405 жолаушы, 46 экипаж мүшесі мен туристік компанияның бес қызметкері болған.
«Шығыс жұлдызы» кемесі дүйсенбі күні кешқұрым ауып, суға батып кеткен болатын. Бастапқы болжамдар бойынша оған күшті құйын әсер еткен болуы мүмкін.